Ақмола облысында биокосметика шығаратын ғылыми орталық ашылды

989

Ақмола облысында биокосметика шығаратын ғылыми орталық ашылды

Ақмола облысы Степногорск қаласының 50 жылдығына орай шаһарда ешқандай химиялық қоспасыз отандық биокосметика шығаратын "Re-Biomed" ғылыми орталық ашылды, деп хабарлайды baribar.kz.

Нысанның ашылуы салтанатына қала əкімі Əнуəр Күмпекеев, ҚР парламенті сенатының депутаты Дəурен Əділбеков, ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бəйімбетов жəне қала тұрғындары қатысты.

Кәсіпорын басшысы Жәнібек Кенжебаевтың сөзіне қарағанда, инвестициялық жобаның құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұнда бетке арналған сергіткіш (тоник) және жақпамай тәрізді биокосметика түрлері шығарылады.

Орталық қаланың 50 жылдығына тарту ретінде іске қосылып отыр.  Мамандар Канада және Германия елдерінде дайындықтан өтеді. Қазіргі кезде кәсіпорында жергілікті 15 адам еңбек етуде. Кәсіпорынның жылдық қуаты  3 миллион құты 20 миллион ампул өнім шығаруға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу