Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз Семейден табылды

2825

Бір апта бұрын Қосшыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз Семейден табылды Фото: Ақмола облысы ПД

2008 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған Сәрсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда жоғалып кетті.

Жоғалған қыздың әкесі бастапқыда оны өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ іздеу оң нәтиже бермеген. Сондықтан 21 қазанда ата-ана құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Полиция қыздың үйден бірнеше рет кетіп қалғанын, бірақ кейін қайтып оралғанын анықтаған. Оған қоса, жасөспірім мүгедек.

Жедел және іздестіру шараларының нәтижесінде қыз аман-есен Семейден табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу