Ақмола облысында бір отбасының 2 қызы көлікпен суға батып кетті

420

Ақмола облысының Целиноград ауданында демалыс кезінде жеңіл көлік суға батып, салдарынан 2 қыз қаза болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында бір отбасының 2 қызы көлікпен суға батып кетті Фото: canva

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 шілдеде аудан аумағындағы суға толған карьерлердің бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік белгісіз себеппен суға түсіп кеткен.

– Бұл туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына Ақмола облысы мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері болған, – деді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында мамандар су түбінен жеңіл автокөлікті шығарып, оның ішінен 8 және 12 жастағы екі қыздың мәйітін тапты.

Ведомствоның мәліметінше, отбасы бұл жерге демалуға келген. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу