Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысы болды

339

Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды жолға шыққанда абай болуға шақырады. 

Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысы болды Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысының "Астана-Петропавл" тас жолының 255 шақырымында бірнеше көлік соқтығысты және зардап шеккендер бар. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бурабай курорты аумағында жол ақысы төлейтін терминалдан 10-15 шақырымда болған.

Ресми мәліметке сәйкес, Астана бағытындағы КамАЗ жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей алда кетіп бара жатқан Toyota Camry жеңіл көлігіне соқтығысқан.

"Салдарынан тағы үш КамАЗ жүк көлігі мен үш жеңіл көлікке зақым келді. Түрлі дене жақаратымен "Авиценна-Бурабай" ЖШС ауруханасына КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі мен жеңіл көліктің екі жолаушысы жеткізілді", - деп түсіндірді ведомстводан.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу