Ақмола облысы астық жинау науқанына дайындалып жатыр, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Жалпы алғанда, елорда маңы өңiрiне жаздық егiстiктiң 4,7 млн га жинап алу қажет" — деп хабарлайды iшкi саясат басқармасы.
Егiн жинау науқанын ойдағыдай өткiзу үшiн, техника жаңартылды, ол астықты оңтайлы агротехникалық мерзiмдерде жинап алуға мүмкiндiк бередi. Биылғы жылы шамамен 8,5 мың астық жинау комбайнын тарту жоспарлануда. Бүгiнгi таңда, қолда бар барлық машина-трактор паркi егiн жинауға толық дайын.
Егiн жинауда орташа тәулiктiк өнiмдiлiк 160 мың га жетедi деп болжануда.
Соңғы жылдары басымдылыққа ие дақылдарды егу аумағы 400 мың га дейiн ұлғайтылған.
Жалпы, бұл маусымда 5 млн тоннадан астам көлемде астық түсiмі болжануда.