Ақмола облысында биыл 695 адамға микрокредит берілген

1007

Бұл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жүзеге асырылған.

Ақмола облысында биыл 695 адамға микрокредит берілген

Ақмола облысында 18 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы 10 478 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Ақмола облысында 1 977 адам оқытумен қамтылыпты.

Ал бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Ол үшін "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі. Сонымен қатар, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

"Микрокредитпен 695 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 423 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 210 адам (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) алды",– делінген хабарламада.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты аясында 3 214 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 558 адам, жастар тәжірибесіне – 681 адам және қоғамдық жұмыстарға – 1 975 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу