Ақмола облысында бомба жасамақ болғандардың ісі әшкереленді

109

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті.  

Ақмола облысында бомба жасамақ болғандардың ісі әшкереленді Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 килограмм аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасында) тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленді.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу