Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды

345

Ол алаяқтық жолмен 7 млн теңгедей ақша жымқырған.

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған бухгалтер сотталды Фото: daily.ru

Ақмола облысында бөбекжай есепшісі алаяқтық жолмен бюджеттен 7 миллион теңгеден астам ақша жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы 2021- 2022 жылдар аралығында өзіне жоғары еңбекақы қою арқылы 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған. Сотта айыпталушы кінәсін мойындады, өкініп, залалды ішінара өтеді.

Бұдан басқа, оның кінәсі аудиторлық компанияның қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, төлем тапсырмаларымен расталды.

"Көкшетау қалалық соты оған материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Келтірілген материалдық залал өндірілді. Сотталушының асырауындағы үш жастағы баласы бар екенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", деді ведомстводан.

Сонымен бірге, сот лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін білім басқармасына жеке қаулы шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу