Ақмола облысында дала өрті 7 ауданның аумағына жайылды

597

Қызыл жалын 92 гектар жерді шарпыған.  

Ақмола облысында дала өрті 7 ауданның аумағына жайылды Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында тұтанған дала өрті бір тәуліктің ішінде Ерейментау, Жақсы, Целиноград, Астрахан, Егіндікөл, Аршалы және Жарқайың аудандарына тарады.

96 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бірлескен жедел әрекеттердің арқасында дала өрті толықтай сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Далада тұтанған отты сөндіруге өңірдегі құтқарушылар, "Ерейментау" орман шаруашылығының қызметкерлері, Михайловка ауылының "Ауыл құтқарушылары", жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және тұрғындар қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу