Ақмола облысында шыққан дала өрті қатты желдің салдарынан орман қорына жайылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өртті "Қазавиаорманқорғау" мамандары мен мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері бірлесіп жедел оқшаулап, толық сөндірген.
Қазір кей өңірлерде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде. Осыған орай орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" қызметі күшейтілген режимге көшіп, аумақтарды әуеден және жерден тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Мамандар тұрғындарды өрт қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтап, табиғатта от жаққан кезде ерекше сақ болуға шақырды.