12 қаңтарда ер адам өзінің адасқанын туыстарына хабарлағаннан кейін жақындары Бурабай АПБ-дан көмек сұрады. Көптеген шақырымды жүріп өткеннен кейін ер адамның боранның салдарынан адасып кеткені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ал осы уақытта оның көлігінде жанармай таусылып, телефонының қуаты таусылған. Телефон жұмыс істеп тұрған кезде ер адам өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты жібере алды.
Полицейлер құтқарушылар еріктілер және жергілікті тұрғындар дереу жоғалған адамды іздеуге кірісті. Бір жарым күннен кейін ер адамды Бурабай АПБ қызметкерлері Д. Сүйіндіков, Д. Мусин және Е.Ермұханбетов СҚО Алкатерек ауылынан 25 шақырым жерде аман және жарақатсыз тапты. Ер адам полиция қызметкерлеріне және оны құтқаруға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғысын білдірді.