Ақмола облысында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр

804

Ақмола облысында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр

Үстіміздегі аптаның сейсенбі күні Ақмола облысында қатты жел тұрды. Осыған байланысты Ақмола облысының ТЖ департаменті дауылдан келген шығындарды анықтауда, деп хабарлайды abctv.kz.

Департаменттің мәліметінше, ең көп шығын көрген Атбасар ауданы болыпты. Сағатына 24м/сек жылдамдықпен соққан күшті жел бес қабатты үйдің 200 шаршы метрлік төбе жабынын жұлып түскен. Сонымен бірге, индустриялық-техникалық колледждің 180 шаршы метрлік шатырын да ұшырған.

Атбасар ауданындағы Новосельское ауылындағы мектеп те шатырсыз қалды. Степногорсктегі жазғы кафенің жабыны үш жеңіл мәшинеге құлап, қиратқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу