Ақмола облысында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр

1808

Облыс бойынша бүгінде 140 мың тонна астық жиналыпты.

Ақмола облысында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр Фото: otyrar.kz

Ақмола облысында егін орылып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Жиын-терін әсіресе аймақтың оңтүстік аудандарында қыза түскен. Қазірдің өзінде Жарқайың және Есіл аудандарының диқандары егістік алқаптарының 9 пайызын орып алған. Ал облыс бойынша бүгінде 140 мың тонна астық жиналыпты. Өнімділігі орта есеппен гектарына 10 центнерге жуықтайды.

Өңірде егін орағына 8 жарым мыңнан астам комбайн жұмылдырылған.

Жалпы, биыл Ақмола облысының шаруалары жылдағыдай 4,7 млн гектар жерге егін еккен болатын. Аймақ диқандары бас-аяғы 5 млн тоннадан астам астық жинаудан үмітті.

"Ауа райы жақсы болып тұрса, жақында күніне 160-170 мың гектар жерді оратын боламыз. Әзірге Аршалы, Қорғалжын, Зеренді, Сандықтау және Біржансал аудандары жауын-шашынның салдарынан егін орағына толық кірісе алмай отыр. Егер күн бүгінгідей ашық болса, олар ертең немесе арғыкүні жаппай орақ салатын болады", - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу