Ақмола облысында егін жинау кезінде комбайншы қаза тапты

395

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақмола облысында егін жинау кезінде комбайншы қаза тапты

Ақмола облысында 58 жастағы комбайншы егін жинау кезінде қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 қазан күні Жарқайың ауданы аумағында болған.

Қостанай облысының тұрғыны егін жинау кезінде қайтыс болғаны анықталды. Ер адамды "Енисей" маркалы комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен.

Полиция ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу