Ақмола облысында екі адам итті бауыздаған

854

Ақмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ-не сілтеме жасап.

Ақмола облысында екі адам итті бауыздаған Фото: optimism.kz

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.

"Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған", - деп жазды министрліктен.

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу