Ақмола облысында екі әскери нысанға айыппұл салынды

442

Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады. 

Ақмола облысында екі әскери нысанға айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысында әскери бөлім мен әскери колледж әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп "Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж" бен "ҚР Ұлттық Ұлан 5510 әскери бөлімінде" "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету" заңының талаптарын орындау бойынша тексеріс жургізілді. Оның барысында салыстырып-тексеру мерзімі өтіп кеткен өлшем құралдарын пайдалану дерегі анықталды. Бұл жеке құрам орналасқан объектілердегі температураны өлшеу құралдары, медициналық таразылар, тонометрлер т.б.", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, екі әскери нысанда 101 бірлік өлшем құралы мерзімдік тексерусіз қолданылған.

Мекемелердің әрқайсысына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 230 АЕК мөлшерінде (793 500 теңге) айыппұл салынды.

Бүгінде бұл сома толық өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу