Ақмола облысында екі браконьер ұсталды

152

Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақмола облысында екі браконьер ұсталды Фото: Арман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

16 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңында рейдтік іс-шаралар барысында РМКҚ "Охотзоопром ӨБ" инспекторлары заңсыз аңшылықпен айналысқан 2 ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тексеру кезінде олардан ТОЗ-34 тегіс ұңғылы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер табылды. Оларға тиесілі "Фольксваген" маркалы автокөлікті қарау барысында оның жүксалғышынан жабайы қабан мен қоянның ұшалары анықталды. Аталған факті бойынша Целиноград аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу