Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Дмитриевке ауылында үш адам аса қатыгездікпен өлтірілді. Қылмысқа күдікті ретінде екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлады аудан прокуроры Дархан Аманбай "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
"Оқиға түнде болған, ішімдік ішкен 2000 және 2001 жылы туған екі жасөспірім ауыл ішін кезген. Олар тоқтап тұрған "Жигули" көлігінің терезесін сындырып, осыдан соң көршілердің үйіне бет алып, онда 1951 жылы және 1984 жылы туған әкесі мен ұлын балтамен ұрып өлтірген. Олар сондай-ақ аты-жөні белгісіз тағы бір адамды өлтірген", – деп атап өтті прокурор.
Үш адамның өліміне қатысты тексеру басталды, деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу