Ақмола облысында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, аударылды

180

Зардап шеккендер жоқ. 

Ақмола облысында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, аударылды Фото: ТЖД Шымкент

9 қазанда Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып, төтенше жағдай орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"9 қазан сағат 17-ден  40 минут өткенде  Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығуына жол берілді. Құрбан болғандар жоқ.  Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды"., делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына комиссия жіберілгені де нақтыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу