Ақмола облысында ер адам кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан

176

Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ақмола облысында ер адам кішкентай баланы аяусыз соққыға жыққан Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында бейнебақылау камерасына түсірілген видео жарияланды. Видеодан ер адамның кішкентай баланы бірнеше рет ұрып, тепкілегенін көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяқ жеген баланың анасының айтуынша, 8 және 9 жастағы екі бала бір-біріне балағат сөздер айқаны үшін төбелесіп қалған. 

"Менің балам өзін бірнеше рет балағаттаған баламен төбелескені үшін оның әкесі тарапынан психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Осындай агрессивті ересектердің өздерін дұрыс ұстауы және балаларымыздың құқығы қорғалуы үшін осы ақпаратты таратуды сұраймын", – дейді жәбірленуші баланың анасы. 

Ақмола облысының полиция департаменті балаға қол көтерген ер адамның аты-жөні анықталғанын мәлімдеді.

"Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке алу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу