Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін қылмыс жасаған

366

Аршалы аудандық сотында жалған ақпарат таратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін қылмыс жасаған Фото: gov.kz

Ақмола облысында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адам сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, күдікті 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін екі рет сотталған. 2025 жылғы тамызда ол осыған ұқсас қылмысты тағы да қайталаған.

Ол 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат қойылғанын айтып, елді дүрліктірген. Оқиға орнына уәкілетті қызметкерлер жіберіліп, тексеріс барысында террористік акт туралы ақпарат расталмаған.

Сотта ер адам кінәсін мойындады. Оның сөзінше, қазір тұрақты тұратын жері болмағандықтан түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін, осындай қадамға барған екен.

Сот үкімімен ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу