Ақмола облысында есірткі қойып кетушіні құрықталды

454

Ол 23 жастағы астаналық тұрғын екені анықталды. 

Ақмола облысында есірткі қойып кетушіні құрықталды Фото: polisia.kz

Полицейлер Целиноград ауданында белгісіз адамдар есірткі заттарын жасырып салатындары, одан кейін есірткі Көкшетау қаласына жеткізілетіні туралы ақпарат алды. 2023 жылдың қаңтарында жедел уәкілдер 23 жастағы астаналық тұрғынды анықтады. Рұқсатсыз жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 29,95 грамм мефедрон психотроптық заты мен 30 орама, сондай-ақ телефон тәркіленді.

Оның көмегімен ұсталған адам қылмыстық әрекетті жүзеге асырған, яғни есірткі заттарын жасырып салған орындарды суретке түсіріп, геолокациясын белгілеп, кураторына егжей-тегжейлі есеп жасап, жіберіп отырған.

20 ақпан күні сарапшының қорытындысы дайын болғаннан кейін жасырып салушы ҚР ҚПК-нің 128-бабы (Ұстап алу негіздері) тәртібінде ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу