Ақмола облысында есірткі насихаттаған 9 сайт жабылды

625

 Ақмола облысында есірткі насихаттаған 9 сайт жабылды

Ақмола облысында есірткі түрлерін насихаттаумен айналысқан 9 сайт жабылды. Бұл туралы облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистикалық деректер бойынша жыл басынан бері нашақорлықты емдеу орталығында барлығы 631 адам есепке алынған. Оның ішінде 45 адам медициналық тексеріс қорытындысы бойынша есептен шығарылған.

Қазіргі кезде, есірткіге тәуелді 594 адам болса, оның  428  ине арқылы қабылданатын есірткін түрін пайдаланады. Оның ішінде 42-сі әйел болса, 3-уі жасөспірім.

"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша Ақмола облысының ІІД органдары екі бағытта жұмыс істеуде", - дейді Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, бұл екі бағыттың алғашқысы бойынша биылғы жылдың алғашқы 6 айында есірткі бизнесіне қатысты 75 қылмыстың беті ашылды. Ақмола облысы ІІД қызметкерлерімен осы жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 66-сы-  есірткі сату деректері.

Заңсыз айналымнан 445 келі әр түрлі есірткі тәркіленді. Мәселен, бір ғана Аршалы ауданы аумағында 140 келі көкнәр заңсыз саудадан алынды.  Ал, екінші бағытт бойынша құқық қорғау органдары Ақмола облыстық денсаулық сақтау және білім беру басқармалары, мемлекеттік емес ұйымдармен және мектептегі ювеналды полиция инспекторларымен бірге есірткіге қарсы және кәмелетке толмағандарды нашақорлыққа тартудың алдын алуға және болдырмауға бағытталған барлығы 353 іс-шара өткізді. Атап айтқанда: нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған 79-семинар, 200-дәріс, 40-кездесу және 36 спорттық іс-шаралар ұйыымдастырылды. Осы мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында да біраз деректер жарияланды.

"Соңғы кездері интернет ресурстарында есірткінің синтетикалық түрлері қауіпсіз деген жалған ақпараттардың таралуы алаңдата бастады. Сол себепті, Ақмола облысының ІІД есірткі түрін насихаттаған 9 сайтты жапты. Оған қоса, ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы әлеуметтік желі және (WhatsApp, Telegram) интернет мессенджерлері арқылы нашақорлыққа қарсы тақырыпта алдын алу роликтерін жариялап отырады. Осындай ауқымды шаралардың нәтижесінде соңғы он шақты жылдың ішінде нашақорлық көрсеткіші жылына орташа алғанда 8-10 пайызға азайып келе жатқаны байқалады", - деп сөзін түйіндеді Бауыржан Әленов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу