Ақмола облысында газ баллоны жарылды: қаза тапқандар бар

925

Бүгінде 10 адам ауруханада жатыр. 

Ақмола облысында газ баллоны жарылды: қаза тапқандар бар

Шортанды ауданында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 16 қарашада болған. 

"Шортанды ауданы Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды. Түрлі дене жарақатымен аудандық орталық ауруханаға 10 адам жатқызылды" – деп жазылған хабарламада.

Мамандар өртті 2 сағаттан соң сөндірген. Қызыл жалын 350 шаршы метрге шарпыған. 

Өрттің себебін анықтау үшін Ақмола облысының тергеу-жедел тобы мен өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу