Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Тайтөбе ауылында газ баллоны жарылды. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz 716.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
“Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында тұрғын үй ауласында газ баллоны жарылды. Алдын ала мәліметтерне сәйкес, бір адам қайтыс болды, екеуі жарақат алды, оның ішінде 4 жасар бала бар”, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу