Ақмола облысында ғимараттан өрт шығып, бір адам қаза тапты

264

Қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған. 

Ақмола облысында ғимараттан өрт шығып, бір адам қаза тапты Фото: canva.com

Ақмола облысында ғимараттардың бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған. 

"Целиноград ауданы Нұресіл ауылындағы аула ғимараттарында 250 шаршы метр алаңда өрт болды. Өрт сағат 10.00-де оқшауланды. Өрт орнында ер адамның денесі табылды", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

"Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техника және Астана қ. ТЖД жеке құрамынан 13 құтқарушы және 4 техника жөнелтілді. Өрт 13:00-де сөндірілді", - делінген хабарламада. 

ТЖМ өкілдері нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу