Ақмола облысында індет жұқтырғандардың 34-і қарттар мен мүгедектер мекемесінен

1152

Ақмола облысында індет жұқтырғандардың саны 56 адамға жетті.

Ақмола облысында індет жұқтырғандардың 34-і қарттар мен мүгедектер мекемесінен

9 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша Ақмола облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 56 адамға жетті. Қазіргі кезде науқастардың 34-і Целиноград ауданындағы Ақ қайың ауылындағы мүгедектер мен қарттарға арналған әлеуметтік-медициналық мекемеде жатқан азаматтар екені анықталды. 

"Талдаулар мекемеде жұмыс істейтіндер мен барылық қызмет алушылардан алынды. Сонымен қатар олармен байланыста болған 216 адам анықталды. Сәуір айының басынан бері аталған отралықтағы 34 адамнан індет анықталған. Олардың қатарында 1963 жылы туған санитарлық қызмет көрсететін азаматша бар. Қазіргі кезде барлық науқастар оқшауланды", –  деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Бұдан бөлек індетті жұқтырғандардың барлығы 2 сәуірде COVID-19-дан қайтыс болған 73 жастағы азаматпен байланыста болғаны белгілі болды. Ал 6 сәуірде аталған орталықта 91 жастағы қарт көз жұмған еді. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Ақ қайың ауылындағы орталық карантинде. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу