Ақмола облысында инвестиция тарту көлемi 4,7 пайызға артты

926

Ақмола облысында инвестиция тарту көлемi 4,7 пайызға артты

Ақмола облысында инвестиция тарту көлемi артып, өткен 9 айда 175 млрд теңгенi құрады. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артық, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Жалпыреспубликалық есепте Ақмола облысы жоғары сапалы астықтың төрттен бiр пайызын экспортқа жөнелтедi.

Биылғы жылы аймақ диқандары 5,1 млн тонна астық жинады, жиналған ырыстың 88 пайызы жоғары сапалы. Облыста мемлекеттiк қолдау алған агроқұрылымдар саны артып олардың саны 40 пайызға өстi (2,5 мыңға дейiн АШК), элиталық дақылдар себiлген алқаптар көлемi 1,4 пайызға ұлғайды. Бұл тұрғыда егiстiк алқаптарда агрохимия, минералды тыңайтқыштарды падалану жұмысы өрiс алды.

Мал шаруашылығын дамытуда мақсатында 3300 мал басына арналған 155 отбасылық мал бордақылау алаңы ашылды. 11 сүт тауарлы фермасы құрылып, 600 бас сүт бағытындағы iрi қара сатып алынды. Сондай-ақ, Астана iргесiнде 5 мың басқа арналған ешкi фермасы мен терең өңдеуге бағытталған сүт фабрикасы iске қосылды.

Облыста азық-түлiк өндiрiсi биыл 17 пайызға өстi, оның iшiнде күнбағыс майы 1,9 %-ға, ет 35 %-ға, шұжық өнiмдерi 24%-ға, ұн 22 %-,а артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу