Ақмола облысында инвестордың жолындағы кедергілер жойылды

210

Жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды, жобаны "Finish Business Hub" ЖШС жүзеге асыруда.  

Ақмола облысында инвестордың жолындағы кедергілер жойылды Фото: stan.kz

Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен "Финдік модель бойынша белсенді демалыс түрлері бар отбасылық үлгідегі демалыс аймағын құру" жобасын Бірыңғай ұлттық пулға енгізілгені анықталды.

Оны жүзеге асыру кезінде инвестор Целиноград ауданы әкімдігінің қажетті жер телімін беруге рұқсат беруден бас тарту мәселесіне тап болған.

Прокуратура бұл шешімнің заңсыз екенін анықтады, өйткені заң талаптарына сәйкес жылжымайтын мүліктері бар жер учаскесі инвесторға заттай грант ретінде берілуі тиіс.

Өз кезегінде аудан әкімдігі жер телімін үшінші тұлғаға сенімгерлікпен берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сенімгерлікпен басқару шарты бұзылып, Ақмола облысының әкімдігі инвесторға сұралған жерді беруге келісті.

Заңдылықты бұзғаны үшін кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлікті қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ пен CALL орталығы жұмыс істейтінін еске саламыз.

Кәсіпкерлік субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) проблемалар туындаған жағдайда бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратураға хабарласа алады (байланыс нөмірі +77051291140). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу