Ақмола облысында жабық тұрған дәретхана үшін басшы қызметтен қуылды

109

Оған тұрғындардан түскен шағым себеп.  

Ақмола облысында жабық тұрған дәретхана үшін басшы қызметтен қуылды Фото: gov.kz

Ақмола облысында жол бойындағы қызметтің нашарлығы үшін бір басшы жұмыстан алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлік министрлігінде жол саласының көктемгі құрылыс маусымына дайындығына арналған кеңес өтті.

Жиында жол құрылысы материалдарының қоры, жол бойындағы сервисті дамыту және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Халық жиі шағым айтқан мәселе – жол жиегіндегі әжетханалардың күйі. Көбі жабық тұрады, кейбірі талапқа сай емес.

Тексеру кезінде республикалық жолдар бойындағы 684 нысан қаралған. Соның ішінде 13 әжетхана мүлде істемейтіні белгілі болды. Тағы 69-ының жағдайы өте нашар.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Ақмола облысындағы "КАЖ-Сервис" филиалының басшысы қызметінен алынды. Сонымен бірге бірнеше жауапты адамға тиісті бақылау жасамағаны үшін жазаланған. 

Министрлік барлық жол бойындағы сервис нысандарын қысқа мерзімде тәртіпке келтіруді, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді және инфрақұрылымды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу