Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысы шахтадан табылды

186

Оқушыға күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін айып тағылды.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысы шахтадан табылды Фото: freepik

Ақмола облысында полицейлер Бестөбе ауылындағы шахтаның төменгі қабатына түсіп кеткен 17 жастағы жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте Степногорск полициясына 17 жастағы жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Мұғалімдер 11-сынып оқушысы 13 қыркүйектен бері сабаққа келмеді деп дабыл қаққан. Полицейлер жігітті іздеуге кірісіп, достарымен де, туыстарымен де сұқбат жүргізген.

"17 қыркүйекте оқушы Бестөбе ауылында екені және шахтаның төменгі қабатына түсіп кеткені анықталды. Кәмелет жасына толмаған адам табылып, туыстарына аман-есен тапсырылды", - делінген хабарламада.

Жасөспірім полицейлерге шахтаға түсіп, алтын іздегенін айтқан. Кәмелет жасына толмағандарды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқушыға күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін айып тағылды. Полицейлер ата-аналарды балаларының қайда жүргеніне бақылауды күшейтіп, қауіпсіздік мәселесінде қырағы болуға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу