Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды

292

Жалпы акция барысында 2,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды Фото: Абай облысы ПД

Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жері анықталып, алты "келімсек" ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департаменттің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

"Акция шеңберінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, "келімсек" ретінде есепте тұрған 6 адамды ұстады", - делінген ПД хабарламасында.

Жалпы акция барысында 2,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның 1,1 мыңнан астамы қоғамдық тәртіпті сақтау және 1,5 мыңнан астамы жол қауіпсіздігі бойынша заң бұзушылықтар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу