Ақмола облысында қайтыс болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды

203

Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды. 

Ақмола облысында қайтыс болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды Фото: baq.kz

Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі "Бурабай-Жамантұз" курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған.

Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу