Ақмола облысында кәмелетке толмаған қыз іздестірілуде

1283

Ақмола облысында үйінен кетіп қалған кәмелеттік жасқа толмаған қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қыз іздестірілуде

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы ақпанның 4-де Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелеттік жасқа толмаған қызы Анель Серікқызы Накенді іздеуге көмек сұрады. Әйелдің сөзінше, оның қызы 2021 жылғы ақпанның 1-де сағат 21:30 үйден кетіп қалған, содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

"Анықталғандай, Анель жергілікті колледждердің бірінде бірінші курста оқиды. Анасымен бірге тұрады. Ол 2018 жылдан бері үйінен осымен 6 рет кетіп қалып отыр. Анасының айтуынша, бұл жолы біреу Анельге қоңырау шалған. Содан ол үйінен белгісіз жаққа шығып кеткен", - деді ведомстводан.

Жоғалған қыздың бойы 155-160 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, беті сопақ, ерні орташа, құлақтары жабысқан, мұрны тік, үлкен, көздері қоңыр.

Ерекше белгілер: жоғарғы ернінде тыртығы бар.

"Кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың қазір Нұр-Сұлтан қаласында екені белгілі болды", - деп толықтырды ведомстводан.

Қазіргі кезде, тәртіп сақшылары оның нақты жүрген жерін білетін азаматтардан "102" арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу