Ақмола облысында қанша ауылдың келешегі бар екені анықталды

688

Премьер-министр Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында "Ауыл – Ел бесігі" жобасының іске асырылуын тексерді. 

Ақмола облысында қанша ауылдың келешегі бар екені анықталды

Үкімет басшысы Астрахан ауданының Астраханка ауылындағы және Атбасар ауданының Бастау ауылындағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, тіршілікті қамтамасыз ету және АӨК нысандарын аралады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 298 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды. 2019-2021 жылдары өңірдің ауылдық аумақтарының инфрақұрылымын жаңғыртуға 70 млрд теңге бөлінді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, ТКШ, кентішілік жолдарды, су құбыры желілерін жөндеу және салу бойынша 88 жоба іске асырылды. 1 140 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 200-і тұрақты жұмыс орны. Биыл барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша Ақмола облысының ауылдық елді мекендерін дамыту бойынша жалпы сомасы 22,3 млрд теңгеге 203 жоба іске асырылып жатыр.

2022-2025 жылдарға өңірдің ауылдық аймақтарын дамытуға шамамен 120 млрд теңге бөлу жоспарланған. Асқар Мамин еңбек ардагерлерімен және өңірдің құрметті тұрғындарымен кездесті. Үкімет басшысы ауылдық елді мекендердің дамуына жаңа серпін беретін "Ауыл – Ел бесігі" жобасын уақтылы және сапалы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыруға және ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын арттыруға көп көңіл бөледі. Үкімет мүшелері "Ауыл – Ел бесігі" жобасының және ауыл аймақтарын дамытудың басқа да бағдарламаларының орындалуын бақылау бойынша еліміздің барлық өңіріне инспекциялық сапарларды бастады. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру қарқыны ерекше бақылауда", – деді А. Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу