Ақмола облысында қар жауды

729

Ақмола облысында қар жауды

Ақмола облысының Атбасар қаласында бүгін таңертең қар жауды. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 27 мамырға қараған түні төмендеген, деп хабарлайды sputniknews.kz.  

Таңға алтыға қарай температура Цельсий бойынша 0 градусқа дейін төмендеді. Қара суық қарды ала келген.  

Жергілікті тұрғындар мамырдағы қардың суреттерін мессенджерлер арқылы таратып жатыр. Түске қарай Атбасардағы температура үш-төрт градусқа дейін көтеріліп, біршама жылынды.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы жеті градусқа көтеріледі. Дүйсенбі, 28 мамырда қалада күн 19 градусқа дейін жылы болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу