Ақмола облысында қар жауып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды

216

Бұған дейін Қазгидромет ауа температурасы нөлден төмен түсетінін хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында қар жауып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды Фото: бейнеден

Ақкөл мен Ерейментау қалаларында, сондай-ақ елордаға жақын басқа елді мекендерде қалың қар жауды.

"ҚазАвтоЖол" Алматы-Екатеринбург жол учаскесінің (Колутон стансасы – Новочеркасское ауылы) ашылғанын хабарлады.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "ҚазАвтоЖол" филиалының қызметкерлері жолдардағы қарды жедел тазартып жатыр", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Бұған дейін Қазгидромет жауын-шашын жауып, ауа райының қолайсыз болатынын ескерткен.

Мәселен, Астанада 25 мамырда күндіз қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында -2°С үскірік күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу