Ақмола облысында қар жауды, деп хабарлайды 24.kz.
Синоптиктердің айтуынша, облыс бойынша орта есеппен 8 мм қар түскен.
"Бірақ жауын-шашын алдағы тәулікте тоқтамайды", – дейді, мамандар.
Өңірде алдағы күндері де қар жауып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады деп күтіліп отыр. Ал түнде ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу