Ақмола облысында карантин режимі енгізілді

860

Барлық көлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысы аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Ақмола облысында карантин режимі енгізілді Фото: Максим Морозов

2020 жылдың 30 наурызынан бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізілді, деп хабарланды жедел штабтың ақпараттық ресурсында.

- транзиттік жүк көліктері мен тамақ өнімдері бар көлік құралдарын қоспағанда, барлық көлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысы аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады;

- ірі сауда орталықтары (азық-түлік дүкендері мен олар орналасқан дәріханалардан басқа), саябақтар, монша кешендері, санаторий-курорттық мекемелер, сұлулық салоны, шаштараз, тамақ, автомобиль, киім, құрылыс базарлары уақытша тоқтатылады;

- тамақтану орындары азаматтарға үй-жайға бармай-ақ, тәулік бойы шығарып салу және тапсырыстарды қоспағанда, жұмысын тоқтатады;

- дәріханалар қалыпты жұмысын жалғастырады;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу