Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды

407

40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.  

Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды Фото: polisia.kz

ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы сәтті арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қарудан тұратын арсенал табылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту іс – шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі.

ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу