Ішкі істер министрлігі арнайы операция нәтижесінде Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қатысушысын ұстады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына https://polisia.kz/iim-aqmola-oblysynyng-kasipkerlerinen-aqsha-bopsalaumen-ajnalysqan-uqt-ny-quryqtady/ сілтеме жасап.
"Қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандардың жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды. Бүгінде ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар екені анықталды. Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер "ұрылар идеологиясын" ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған", - делінген хабарламада.Ақпаратта көрсетілгендей, тінту барысында 26-32 жас аралығындағы топ мүшелерінен есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді.
Ақпаратта көрсетілгендей, тінту барысында 26-32 жас аралығындағы топ мүшелерінен есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 194-бабының 2-бөлігімен ("Бопсалау") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.