Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
"7 сәуірде Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында секундына 28 метр жылдамдықпен соққан қатты жел салдарынан гараждың шатыры жұлынып кетті. Соның салдарынан 1980 жылы дүниеге келген күзетші жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Шатырдың аумағы мен салу үлгісі анықталып жатыр", – деп атап өтті ведомство.
Осыған орай Төтенше жағдайлар комитеті өңір тұрғындарына ауа райының өзгерістерін жіті қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу