Ақмола облысында қаза болған әкімге қатысты жаңа мәліметтер анықталды

1052

Ақмола облысында ауыл әкімі қаза болған жол апатына қатысты жаңа мән-жайлар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ақмола облысында қаза болған әкімге қатысты жаңа мәліметтер анықталды

Жақсы ауданы әкімдігінің мәліметінше, Тарасов селолық округінің әкімі Мирасхан Мұратов қызметтік көлікпен Атбасар қаласына жұмыс бабымен барған.

"14 желтоқсан күні сағат 23.10-да "Алматы-Екатеринбор" автожолының 978-інші шақырымында Атбасар қаласынан қайтып келе жатқан Тарасов селолық округінің әкімі Мирасхан Балғабекұлы Мұратов қаза болды. Ол Атбасар қаласына стендтерге тапсырыс беру, қызметтік көлігінің майын ауыстырып, техникалық байқаудан өткізу үшін барды", - деді аудан әкімдігінен.

Мәлім етілгендей, Мирасхан Мұратов 1969 жылы 10 мамырда туған. 2019 жылдың қараша айынан бастап Жақсы ауданы Тарасов селолық округінің әкімі.

"Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде", - деп нақтылады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу