Ақмола облысында "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі Ми-8АМТ тікұшағы шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметінің дерегінше, биыл 26 қарашада ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға қарай ұшқан.
"Бірақ Ерейментау ауданы Өрнек елдімекенінің аумағында қонуға мәжбүр болды. Бұл елордадан шамамен
100 шақырым жер. Бортта 5 адам, 2 дәрігер болды", – деп жазылған хабарламада.
Тікұшақ оң қозғалтқыштың тербелісі салдарынан қонуға мәжбүр болған.
"Ми-8АМТ жерге қонды. Оқыс-оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Экипаж мен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды", –деп жазылған хабарламада.