Ақмола облысында кене шаққан студент жансақтау бөлімінде жатыр

115

17 жастағы студент кене шаққаннан соң бірден дәрігердің көмегіне жүгінбеген.  

Ақмола облысында кене шаққан студент жансақтау бөлімінде жатыр Фото: gemotest.ru

Қазіргі уақытта науқас облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, жасөспірім кене арқылы таралатын вирустық энцефалит жұқтырған болуы мүмкін.

Жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген және бұл жағдай туралы мамандарға хабарламаған. Біраз уақыт өткен соң науқастың денсаулығы күрт нашарлай бастайды.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің санасы бұзылған. Қазір оған барлық қажетті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 "Әдетте алғашқы белгілер 7-10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, өйткені вирус орталық жүйке жүйесін – ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін", – деді облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу