Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен-металлургиялық комбинаттың күзетшілері кен ұрлығына күдікті ретінде Заводской кентінің тұрғынын ұстады.
Сейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақсу кенішінің шахтасы маңынан 56 жастағы ер адам тізгіндеген көліктен 13 қапқа толы кварц кені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ауыл тұрғынының кенді қайдан алғаны және қайда апара жатқаны анықталмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу