Жыл өткен сайын бұл киелі жануардың көбейгені мұндағы шаруаларға ыңғайсыздық туғыза бастаған. Көктемде қыруар күш салып еккен егіндері ақбөкендерге азық болады екен. Ақмола облысының үш ауданындағы осы жағдай қайталануда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өңір ікімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, киіктерге қолайлы бұл аймақтарға тағы екі аймақ қосылды. Жануарлардың саны артып келеді.
"Бұл мәселе ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қатты алаңдатып отыр, бұл экологтар үшін де, шаруалар үшін де өзекті мәселе. Менің ойымша, дұрыс және салмақты шешім қабылданады. Әзірге өтемақы мәселесі көтерілген жоқ. Ол талқылануда", - деді әкім.
Еске сала кетсек, парламентарийлер бұл мәселені ара тұра көтеріп, оны шешудің түрлі жолдарын ұсынды, соның ішінде фермерлердің шығынын өтеу мәселесі талқылануда.