Ақмола облысында кинотеатрлардың қызметі 50%-ға қымбаттаған

540

Елімізде жарты жылда шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтің ақшаға шаққандағы табысы 27,1 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы межеден 24,4% артық деген сөз, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақмола облысында кинотеатрлардың қызметі 50%-ға қымбаттаған Фото: psm7.com

Energyprom ресурсының жазуынша, бір жыл ішінде елдегі кинотеатрлардың қызмет көрсету құны - 10%, театрлардың қызмет көрсету құны - 27% қымбаттаған.

"Жылдың бірінші жартыжылдығында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтер көлемі 27,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аталған салаларда көрсетілген қызметтің құндық мәні 24,4% артық. Өңірлер арасында қызметтердің ең көп көлемі ел астанасында байқалды – 7,4 млрд теңге. Екінші орында Алматы қаласы (5,9 млрд теңге), үшінші орында Қарағанды облысы (1,8 млрд теңге) тұр. Ал рейтингтің ең төменгі сатысындағы Алматы облысында небары 81,6 млн теңгенің қызметі ұсынылған", - деп жазады Energyprom.kz.

Порталдың мәліметі бойынша, алғашқы жартыжылдықта ақшаға шаққанда ең көп қызмет театр саласында көрсетілген – 13,6 млрд теңге. Бұл былтырғы межеден 25,6% артық.

Сұранысқа ие қызметтердің үштігіне концерттер (8,6 млрд теңге) мен әдеби шығармашылық (1,7 млрд теңге) кірген.

"Қазан айының қорытындысы бойынша мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жылда 14% өсті. Оның ішінде кинотеатрлардың қызметтері 10,1%, театр қызметтері 26,5% қымбаттады. Өңірлер арасында мәдени іс-шаралардың барлық түрі Ақмола облысында қымбаттады – жылына 36,8%. Сондай-ақ, Түркістан (+27,4%) және Атырау (+26,6%) облыстары өнер қымбат өңірлердің үштігіне енді.

Кинотеатрлардың қызметі Ақмола облысында айтарлықтай қымбаттаған – бір жылда 50%. Ең елеусіз қымбаттау Қызылорда облысында тіркелді - 0,2%. Маңғыстау облысында баға былтырғы деңгейде қалса, Шымкентте 2,8% төмендеді", - деп жазылған сараптамада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу