Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екі бағыт жабылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің хабарламасы бойынша, Астана – Астрахань тас жолы жабылды. Сонымен қатар, Астана - Қорғалжын және Астана - Щучинск тас жолдарында да көлік қозғалысы тоқтатылды.
Айта кетейік, 5 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Жалпы, Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді деп болжануда.