Ақмола облысында көліктер жолда тұрып қалды

1133

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында көліктер жолда тұрып қалды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.  

Ақмола облысында көліктер жолда тұрып қалды

Оның айтуынша, 7 ақпанда таңертең Щучинсктен Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, елордадан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден аса жеңіл және жүк көлігі жолда тұрып қалды.

"Сағат 13.15-те Щучинск бағытында 300-ге жуық көліктен тұратын колонна полиция қызметкерлерінің ілесуімен жолға шықты.

Сондай-ақ 500 көліктен тұратын колонна полицейлердің көмегімен Нұр-Сұлтаннан жолға шықты", - дейді Талғат Уәли.

Ресми өкіл сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтанда автокөліктердің кіруіне тыйым салынғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда Қостанай облысындағы жолда көлік кептелісі жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, 6 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңірінде: Нұр-Сұлтан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу